$474.47 €541.37 ₽6.08
×

Тәжікстанда ірі жол апатынан 11 адам қаза тапты

Тәжікстанда ірі жол апатынан 11 адам қаза тапты
Фото: istockphoto.com

Тәжікстандағы Душанбе – Күләб – Хорог тасжолында жүк көлігі мен екі жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан екі жүргізушіні қосқанда 11 адам мерт болды. 

Бұл туралы республиканың ішкі істер министрлігі Telegram-арнасында хабарлады.

«Душанбе – Күләб – Хорог тасжолында 11 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға 2 шілде күні таңертең жолдың 32-шақырымында, Вахдат қаласына қарасты Элок ауылының тұсында болды», - деп мәлімдеді ведомство.

Билік өкілдерінің мәліметінше, апат жергілікті уақытпен таңғы сағат 06:30 шамасында болған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі, Toyota Prado маркалы автокөлігінің жүргізушісі және жеңіл көліктердің салонында болған 9 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта қаза тапқан жолаушылардың аты-жөнін анықтау шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.