Астаналық құтқарушылар Нұра ауданында, Қ. Мұхамедханов көшесінде орналасқан 12 қабатты тұрғын үйдегі СПА-салондағы өртті сөндірді.
ТЖМ мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін келушілер ғимараттан өздігінен эвакуацияланған. 112 пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
ТЖМ күштерімен өрт 20 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.