$472.03 €540.29 ₽6.11
×

17 жастағы шахматшы Алдияр Ансат халықаралық гроссмейстер атанды

05.07.2026ж. 01:45
17 жастағы шахматшы Алдияр Ансат халықаралық гроссмейстер атанды
Фото: ШҚО әкімдігі

17 жастағы шахматшы Алдияр Ансат халықаралық гроссмейстер атанды.

Ол Aktobe Open халықаралық турнирінде рейтингін 2500 ұпайдан асырып, барлық нормативті толық орындады.

Алдияр Ансат – Қазақстанның талантты жас шахматшыларының бірі. Ол алты жасында елдегі ең жас спорт шеберлігіне кандидат атанса, 11 жасында ең жас FIDE шебері, 13 жасында халықаралық шебер, ал 15 жасында Қазақстан Республикасының ең жас еңбек сіңірген спорт шебері болды.