$472.03 €540.29 ₽6.11
×

CP Football-дан Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатына дайындықты бастады

CP Football-дан Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатына дайындықты бастады
ҚФФ

Команда Алматыдағы «Алтын Қарғалы» шипажай базасында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Олар 15–24 тамызда Англияда өтетін Әлем чемпионатына дайындықтың шешуші кезеңіне кірісті. Дәл осы жиында маусымның ең маңызды халықаралық додасына қажетті физикалық және тактикалық дайындықтың негізі қаланады.

Бұған  Италия, Үндістан, Кения, АҚШ құрамалары қатысады. Ал біздің қай құрамамен кездесеріміз жеребе тарту рәсімінен кейін белгілі болады. Бұл Қазақстанның CP Football ұлттық құрамасы қатысатын алғашқы ірі халықаралық турнир, отандық парафутбол тарихындағы маңызды оқиға болып отыр.