$472.03 €540.29 ₽6.11
×

Елімізде Қытай мен Қырғызстанға жаңа рейстер ашылды

07.07.2026ж. 12:41
Елімізде Қытай мен Қырғызстанға жаңа рейстер ашылды
Фото: pixabay

Қазақстан халықаралық әуе бағыттарын кеңейтуді жалғастырып жатыр. FlyArystan әуе компаниясы Қытай мен Қырғызстанға жаңа тұрақты рейстерді іске қосты.

26 маусымнан бастап Ақтау – Үрімші бағыты бойынша аптасына екі рет рейс орындалады.

 Ал 3 шілдеден бастап Астана – Ыстықкөл бағыты ашылды. Бұл бағыт ұшақтар аптасына екі рет қатынайды.

«Жаңа рейстер Қазақстанның Қытай және Қырғызстанмен туристік, іскерлік және сауда-экономикалық байланысын нығайтып, жолаушыларға халықаралық сапар мүмкіндігін арттырады», - делінген ҚР Көлік министрлігі хабарламасында.