$511.22 €540.05 ₽4.73
×

300 контрафактілік қылмыстық іс тоқтатылған

AstanaTV
19.02.2018ж. 20:00
2268
300 контрафактілік қылмыстық іс тоқтатылған

Былтыр 300-ге тарта контрафактілік қылмыстық іс тоқтатылған.  Өйткені шағымданушы тарап жоқ. Қолданыстағы заңға сай мұндай жағдайда істі қарауды жалғастырмаймыз,- дейді ішкі істер министрлігінің өкілі.  Тауарлық таңбаларды қорғау аясында 208 тексеру жүргізіліп, жалпы сомасы 16 миллион теңгені құрайтын тауар тәркіленді. Осы шамадағы сомаға айыппұл салынған. 

Бекет Әлиғожин, ҚР Әділет министрлігі зияткерлік меншік департаменті директорының орынбасары:

Тауардың көбі Қытайдан келеді, шекарада ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өткен жылы тауарлық таңбаларды заң негізінде қорғау аясында 168 хаттама толтырып, 157 адам жауапқа тартылды.

Жүйедегі тағы бір қиындық келтірілген шығын көлемін анықтау. Ол 100 айлық есепті көрсеткіштен асса қылмыстық іс қозғалуы тиіс. Ал, қолға түскен өнімді күштік құрылымдар 10 тәуліктен артық ұстай алмайды.