Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Билл Гейтс байларға салықты арттыруды ұсынды

AstanaTV
19.02.2018ж. 20:00
3311
Билл Гейтс байларға салықты арттыруды ұсынды

Америкалық миллиардер Билл Гейтс АҚШ-тың салық реформасын сынға алды. «Microsoft»-тың негізін қалаушы азамат, салық реформасы байлар мен ауқаттыларға өте ыңғайлы екенін айтып, наразылық білдірді, - деп жазады CNN. Оның айтуынша, қарапайым тұрғындарға салынатын салық жоғары. Миллиардер, керісінше, байларға көбірек салық салу керек деген ойда. Билл Гейтс бүгінге дейін 10 миллиард доллар салық төлеген. "Бірақ бұл аз, біз сияқты бай-манаптар бұдан артық берсін", - деп отыр.

Айта кетерлігі, Билл Гейтс әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде, Amazon-нің негізін қалаушы Джефф Безостан кейінгі екінші орында. Бүгінде оның байлығы  91 миллиард доллардан асады. Оның 40 млрд-тан астамын Гейтс қайырымдылыққа жұмсаған.