$471.04 €538.54 ₽6.17
×

Қырғызстанда 181 жолаушы отырған ұшақтың шассиі сынып кетті

07.07.2026ж. 19:08
Қырғызстанда 181 жолаушы отырған ұшақтың шассиі сынып кетті
Фото: 24kg

Бішкектегі «Манас» халықаралық әуежайында Tez Jet әуе компаниясының ұшағы техникалық ақауға байланысты ұша алмай қалды.

 Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ ұшуға екпін алған сәтте артқы шассиінің бірі сынып, әуе кемесі бір жағына қисайған.

Оқиға салдарынан бірнеше жолаушы жеңіл жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілді.

Қазір оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.