Құрылтай -жауапты қадам. Сарапшылардың пікірінше, жаңа институттың ашықтығы мен депутаттардың жауапкершілігі артып, қоғаммен байланысы күшейеді. Сондай-ақ негізгі назар заң шығару сапасын арттыруға, шешім қабылдау мерзімін қысқартуға және қоғам сұранысына жедел жауап беруге аударылады. Саясаттанушы Айдос Сарымның айтуынша, жаңа модель қос палаталы Парламентпен салыстырғанда заңдарды қабылдау үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді.
АЙДОС САРЫМ, САЯСАТТАНУШЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ VIII ШАҚЫРЫЛЫМ ДЕПУТАТЫ:
2 еседей қысқарады ғой уақыт. Егер Үкімет өзі ұсынатын болса, онда 2 жылға дейін, егер Құрылтайдың өз депутаттары бастамашы болатын болса, 1-1,5 жылдың ішінде заңдар өтуі ықтимал. Кез келген қабылданған заңды Премьер министр мен Құрылтайдың төрағасы бекітеді. Қолдарымен. Президентке берердің алдында бұл да бүкіл жаңағы билік тараптарының яғни жауапкершілігін арттыру, әр құжатқа деген әр қабылданған заңға деген жауапкершілігін арттыру бағытындағы дүниелер.