$467.41 €533.88 ₽6.14
×

Жезқазған – Қарағанды бағыты бойынша жаңа рейс іске қосылды

10.07.2026ж. 15:12
Жезқазған – Қарағанды бағыты бойынша жаңа рейс іске қосылды
фото: pixabay

SCAT Airlines Жезқазған мен Қарағанды қалалары арасында жаңа әуе бағытын іске қосты. Алғашқы рейс сәтті орындалды.

Рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және жұма күндері жүзеге асырылады. Ұшу ұзақтығы шамамен 1 сағат, ал рейстер Bombardier CRJ-200 әуе кемелерімен орындалады.