Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Елімізде кәсіпкерлікті тексеру саласы автоматты түрде жүргізіледі

Елімізде кәсіпкерлікті тексеру саласы автоматты түрде жүргізіледі

Елімізде кәсіпкерлікті бақылау саласы автоматты түрде тексеруге көшеді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы мәлімдеді. Абылай Мырзахметов Елбасы Жолдауындағы міндеттердің орындалуы бойынша есеп берген. Айтуынша, бұдан былай бизнеске шенеуніктердің араласуы қысқарады. Жоба цифрландыру бағдарламасы аясында қолға алынбақ. Айта кетерлігі, Президент тапсырмасына сай, 2012 жылдан бастап реттеу саласындағы рұқсат қағаздары 1300-ден 300-ге дейін қысқарған. 

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы:

50 астам тексеру органдары бар. Солар 300-ге жуық жылына тексеру жасайтын. Өткен жылғы көрсеткіш - 85 мың. Сонда, қарап отырсаңыздар, екіден үші қысқартылды тексерудің. Яғни тексерудің қазіргі қысымы кәсіпкерлерге деген қысқарды. Бұл да біздің елімізде жүріп жатқан, Елбасының тапсырмасымен жасалып жатқан, Үкіметпен бірге жүргізіп жатқан жұмыстың арқасында жетіп отырмыз.