Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстанды жаңғыртуда «Нұр Отан» партиясының ролі ауқымды

AstanaTV
19.02.2018ж. 20:00
2051
Қазақстанды жаңғыртуда «Нұр Отан» партиясының ролі ауқымды

Қазақстанды жаңғыртуда «Нұр Отан» партиясының ролі ауқымды. Партия бұл істе қозғаушы күш болуы тиіс. Бұл туралы Петропавлда өткен аймақтық филиалдың конференциясында айтылды. 125 делегат қатысқан жиында мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру жайы сөз болды. Маңызды құжатта белгіленген міндеттерді орындау әдістерін қарастырды. Делегаттардың айтуынша, партияның әрбір мүшесі қоғаммен тығыз қарым-қатынаста, кез-келген мәселеден хабардар болуы тиіс. Аймақтағы проблемалар да назардан тыс қалмайды. Соның бірі - ауыл шаруашылығы мамандарының жетіспеушілігі. 

Александр Зель, «Нұр Отан» партиясы "Болашақ" филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ауыл шаруашылығы кафедрасы бар. Бірақ онда даярланатын мамандар аздық етеді. Сондықтан оқу орнынан бөлек факультет ашу жоспарда бар. Кадр жетіспеушілігі мәселесін бірте-бірте шешуді көздеп отырмыз.