$464.71 €531.26 ₽6.05
×

Оралда полиция бөлімінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді

10.07.2026ж. 19:00
Оралда полиция бөлімінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді

Оралда полиция бөлімінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Қала орталығындағы бөлім 111 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Бұл - Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асырудағы кезекті қадам.

Қала орталығында орналасқан Абай полиция бөлімінде 150-дей қызметкер жұмыс істейді. Бөлімнің қызмет көрсету аумағында 7 учаскелік пункт бар. Сонымен қатар мұнда әлеуметтік және стратегиялық нысандар, мемлекеттік мекемелер, банктер және ірі сауда орталықтары бар.

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Кейінгі үш жылда саланы материалды-техникалық жарақтандыруға 8 млрд жуық ақша берілді биылғы 2026 жылды қоса есептегенде. осының барлығы да полиция қызметкерлеріне мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жан-жақты қолдау.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында өңір сақшыларына 400-дей қызметтік автокөлік берілді. Облыстың барлық ауданында жедел басқару орталықтары ашылды. Бұл жұмыс биыл да жалғасады. Ал жаңа ғимаратта кезекші бөлім, азаматтарды қабылдау бөлмесімен қатар, жауынгерлік даярлық кабинеті қарастырылған. Бұл полицияның жұмысын жеңілдетіп, қылмыспен күресті күшейтуге мүмкіндік береді.

АРМАН ОРАЗАЛИЕВ, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Ең көп қылмыстардың саны мына Абай аудандық полиция бөлімінде тіркеліп отыр. Жалпы жылдың басынан бері 300-ге жуық хабарлама түсті осы аудан бойынша. Ашылу пайызы 88. Ол жақсы көрсеткіш деп айтуға болады. Мас күйінде және қоғамдық орында жасалған қылмыстардың саны былтырмен салыстырғанда 30 пайызға төмендеді. Ал көшелерде жасалған қылмыстардың саны 7 пайызға төмендеді.

Бүгінде өңірдің ішкі істер органдарында 2 мыңнан астам қызметкер бар. Олардың қажырлы еңбегінің арқасында облыстық полиция департаменті республика бойынша үздік үштікке енді.