$464.71 €531.26 ₽6.05
×

Елдегі көлік-логистика жүйесі толықтай автоматтандырылмақ

AstanaTV
10.07.2026ж. 19:00
Елдегі көлік-логистика жүйесі толықтай автоматтандырылмақ

Елдегі ірі өндіріс орындары мен көлік-логистика жүйесі енді толықтай автоматтандырылуы мүмкін. Жасанды интеллект зауыттан шыққан өнім көлемін өзі анықтап, оны жеткізуге қанша вагон немесе көлік қажет екенін, олардың қай уақытта келетінін нақты есептеп отырады. Мұның барлығы «Digital Qazaqstan» стратегиясы аясында жүзеге аспақ. Құжаттың мақсаты - уақыт пен ресурсты үнемдеу. Мәселен, мемлекеттік органдардағы құжаттарды өңдеу мен азаматтардың өтініштеріне жауап беру процесі де ақылды жүйеге жүктеледі. Стратегияда сапалы кадр даярлау мәселесіне де ерекше көңіл бөлінген. Алдағы жылдары жоғары оқу орындарында жасанды интеллект бағытындағы білім беру бағдарламаларын дамыту, зерттеу орталықтарын құру және ІТ саласындағы мамандар санын арттыру жоспарланып отыр.

ҰЛЖАН ОСПАНОВА, ЦИФРЛЫҚ ҮКІМЕТТІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖОБАЛАРДЫ МОНИТОРИНГІЛЕУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА ДИРЕКТОРЫ:

Стратегияда ең алдымен адами капиталды дамыту мәселесі қарастырылған. Сонымен қатар медицина, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау қызметтеріне ерекше назар аударылады. Стратегияның екінші бағыты – экономика. Бұл бағыт ең алдымен Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің негізгі бөлігін қалыптастыратын салаларды дамытуға және олардың тиімділігін жасанды интеллект технологиялары арқылы арттыруға бағытталған.