Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Орталық Азияда ЖИТС жұқтырғандар жыл сайын 10 пайызға өсуде

AstanaTV
19.02.2018ж. 20:00
3399
Орталық Азияда ЖИТС жұқтырғандар жыл сайын 10 пайызға өсуде

Орталық Азияда иммун тапшылығы вирусын жұқтырғандар саны жыл сайын 10 пайызға өсіп отырады екен. Індеттің кең таралуы әсіресе Өзбекстан мен Тәжікстанда байқалады. Қауіпті дерттің жұқпасын негізінен Ресейден еліне қайтқан еңбек мигранттары тарататын көрінеді. Астанада ЖИТС және миграция тақырыбында халықаралық семинар өтті. Былтыр Қазақстанда 60 мыңдай келімсек арнайы тексеруден өткен. Елде бас-аяғы 29 880 адам ЖИТС орталықтарында тіркеуде тұр. Бір жылда жаңадан індет жұқтырғандар саны 2800 адамға жеткен.

Бауыржан Байсеркин, ҚР ДСМ Республикалық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының бас директоры:

Статистика бойынша Қазақстанда індетті жұқтыру бойынша шет елдік азаматтардың үлесі 6 пайызды құрайды. Бұл иммун тапшылығы синдромы көші-қон арқылы да таралады дегенді білдіреді.

Қазақстанда 39 аурухана қауіпті індетке шалдыққандарды емдейді. Аурудың алдын алу мақсатында 144 орында дәрі-дәрмектер таратылады. Анонимді кеңес беріледі. Көп жағдайда адамдар індетті жұқтырғанынан бейхабар болады. ЖИТС-тің 16 белгісі бар. Оның ішінде қызуы көтерілу, жөтел сияқты қарапайым белгілер де шығуы мүмкін. 

Бауыржан Байсеркин, ҚР ДСМ Республикалық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының бас директоры:

Иммун тапшылығы синдромының 16 клиникалық көрсетікші бар. Мұндай белгілер байқалғанда міндетті түрде тексеруге жіберіледі.