$464.71 €531.26 ₽6.05
×

Жақсы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында іс-шаралар өтті

Жақсы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында іс-шаралар өтті

2026 жылғы 10 шілдеде Жақсы ауданының Жақсы ауылында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді абаттандыру және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Сағат 11:00-де «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» атты экологиялық лекторий ұйымдастырылды. Кездесу барысында қатысушыларға қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, туған өлкенің тазалығын сақтау және әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ жастардың экологиялық бастамаларға белсенді қатысуының маңызы талқыланды.

 Сағат 15:00-де «Жасыл мекен – таза өлке» атты экологиялық сенбілік Алматы-Екатеринбург трассасының жанында өтті. Іс-шара «Туған жерге тағзым – таза ортадан басталады» ұранымен ұйымдастырылды. Сенбілік барысында қоғамдық орындарды тазалау, қоқыс жинау және аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Экологиялық акцияға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар, еріктілер және аудан тұрғындары қатысып, жалпы қатысушылар саны 200-гежуық адамды құрады. Бірлескен еңбектің нәтижесінде қоғамдық орындардың санитарлық жағдайы жақсартылып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға үлес қосылды.

Іс-шараларға Жақсы ауданы әкімінің м.а Әбжанов Олжас Аманбайұлы, «Жақсы ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ директоры, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі» ММ басшысы, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар және аудан тұрғындары қатысты.

Аталған іс-шаралар тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға және «Таза Қазақстан» республикалық акциясының мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға өз үлесін қосты.