$464.71 €531.26 ₽6.05
×

Астанадан Дубайға ұшқан рейстер кері қайтарылды

13.07.2026ж. 07:41
Астанадан Дубайға ұшқан рейстер кері қайтарылды
Фото: pixabay

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Air Astana 13-14 шілдеге жоспарланған Алматы – Дубай және Астана – Дубай бағытындағы рейстерді тоқтатты.

«Жолаушылар билеттерінің толық құнын қайтара алады немесе 12-18 шілдеге жоспарланған рейстерді 31 шілдеге дейінгі жоспарланған рейстерге тегін қайта брондау ұсынылады», – делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Сондай-ақ компания жағдайды бақылауда ұстап отырғанын және ұшу кестесіндегі өзгерістер туралы қосымша хабарлайтынын мәлімдеді.