Ақтөбеде мемлекеттік мекеме мүлкін тонаған деп айыпталған жұмыспен қамту орталығының қызметкеріне сот шешімі шықты. Ғимарат балабақшаға берілер кезде жылу батареялары мен есіктерге дейін тоналған. Шығын көлемі 665 мың теңгеге жуық. Сотта айыпталушының барлық кінәсі дәлелденіп, ол бір жыл шартты түрде сотталды.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Мекеменің жаңа басшысы тоналып, іші мынадай қоқысқа толған ғимаратты көргенде шошып кеткенін айтады. Қазір нысанның бір бөлігі әлі адам шошырлық күйде. Тек ұрланған жылу батареяларының орнына жаңасы қойылған.
Кәсіпкер бұл балабақшаны былтыр сенімгерлік басқаруға алған. Келісім жасалған кезде ғимараттың барлық жабдығы түгел болғанын айтады. Жұмыспен қамту бөлімінің басшылығы басқа жерге көшіп үлгеру үшін уақыт сұраған. Алайда жабдықтар қолды болған. Кәсіпкердің айтуынша, жылу батареяларымен қоса еден жабындылары мен кәдеге асатын есіктерге дейін тоналған.
Анар
Айтжанова, облыстық соттың баспасөз хатшысы:
Сотта
анықталғандай, 2017 жылғы тамыз айының 18-і мен 21-і күндері аралығында
Молдагереева «Асина» ЖШС-не тиесілі 1055 секциядан құралған 124 дана шойын
батареяларын ұрлаған. Молдагерееваның қылмыстық іс-әрекетінің салдарынан
жәбірленуші «Асина» ЖШС директоры Балқыбаеваға жалпы сомасы 664 650 теңге
көлемінде материалдық залал келтірген. Ол толық өтелді.
Алайда кәсіпкер сот үкімімен келіспейді. "Шығыным өтелмеді" деген ол тергеу кезінде мекеме басшыларының сұралмағанын айтады.
Әсемгүл Балқыбаева, кәсіпкер:
2 миллион теңгеге тек батарея алдым. 800 мың теңгеге материалы. 2 300 квадрат метр, 2 этажға қою үшін жұмысшыларға 1 млн 239 мың теңге төледім жұмысшыларға. Сонда шығыным 4 млн теңге. Бірақ әрі қарай апелляцияға бермеймін. Себебі бос уақытым кетеді. Көңілім де қалды. О бастан тергеу жұмысы дұрыс жүргізілмеді деп ойлаймын.
Қазір
280 балаға шақталған мекемеде бар-жоғы 50 бала тәрбиеленіп жатыр. Өйткені
ғимараттың қалған бөлігі жөндеуді талап етеді. Оған кәсіпкер әзірге қаражат жоқ
деп отыр. Сондықтан мекеменің толық қашан жұмыс істей бастайтыны белгісіз.
Жақсыбек Кемал