Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қызылжар өңірінде әлеуметтік-медициналық мекемелерде емделіп жатқан бір тұрғынға жыл сайын 1,5 миллион теңге бөлінеді

AstanaTV
20.02.2018ж. 20:00
2298
Қызылжар өңірінде әлеуметтік-медициналық мекемелерде емделіп жатқан бір тұрғынға жыл сайын 1,5 миллион теңге бөлінеді

Қызылжар өңірінде әлеуметтік-медициналық мекемелерде емделіп жатқан бір тұрғынға жыл сайын шамамен 1,5 миллион теңге бөлінеді. Бұл жайында біздің арна тілшілеріне облыстық әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері хабарлады.

Жуырда ғаламторда Жамбыл ауданындағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызыл уылдырықты 420 мың теңгеге сатып алуы қызу талқыланып, желі қолданушылары шенеуніктерді сынға алған болатын. Құзырлы орган өкілінің пайымдауынша, қамқорлықтағы азаматтарға деликатестер тек мереке күндері ғана беріледі. Сатып алынған 30 келі қызыл уылдырық жарты жылға 140-тан астам адамға есептелген. Науқастардың әрқайсысына небәрі 20 грамм тиесілі. Мүгедектерді тамақтандыру жөніндегі республикалық нормаларда кембағал жандарға теңіз өнімін, шұжық және тәтті тоқаштарды демалыс және мереке күндері беруге рұқсат етілген көрінеді. Бүгінде Солтүстік Қазақстан өңірінде осындай 8 орталық бар. Оның бесеуі психикалық ақауы бар адамдарды емдесе, қалғаны кембағал жандармен айналысады.

Гүлмира Мәулетбаева, СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

Бізде барлығы 1 680 адам ем алып жатыр. Біз оларды күніне 5 мәрте тамақтандырамыз. Әрбіреуіне күніне 1000 теңге кетеді. Ал жылына 1,5 миллион теңге. Бұның ішінде коммуналдық төлемдер, қызметкерлердің жалақысы, азық-түлік пен ем-дом шаралар бар.