Оңтүстік Кореяның Чунчон қаласында өтіп жатқан таеквондодан WT командалық әлем кубогының жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ерлер арасында Қазақстан командасы ақтық сынға шығып, шешуші жекпе-жекте Қытаймен күш сынасты. Кездесу 0-2 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды. Ұлттық команда сапында Мақсат Орынбасар, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкаримов, Батырхан Кусетов бақ сынады.
Жарыс барысында Қазақстан ширек финалда, Марокконы (2-0), кейін Ресейден (2-1) басым түсті.
Айта кетейік, командалық әлем кубогына 10 мемлекеттен 80 даянг шебері жиналды.