$468.88 €534.1 ₽6.04
×

Суға батып бара жатқан адам құтқарылды

15.07.2026ж. 14:11
Суға батып бара жатқан адам құтқарылды
фото. ТЖМ

Павлодар облысы Баянауыл ауданы «Жасыбай» демалыс аймағында ТЖМ құтқарушыларының жедел әрекеттерінің арқасында жазатайым оқиғаның алдын алу мүмкін болды.

Акваторияны патрульдеу барысында ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері суға батып бара жатқан ер адамды байқап, дереу құтқару жұмыстарын жүргізді.

1998 жылы туған ер адам судан жедел шығарылды. Жағада оған алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетіліп, кейінгі медициналық тексеруден өткізу үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Құтқарушылардың уақтылы әрекет етуінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды.

ТЖМ азаматтарды су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. Тек рұқсат етілген әрі жабдықталған жерлерде шомылыңыздар, белгіленген аумақтан алыс жүзбеңіздер, өз күштеріңізді дұрыс бағалаңыздар, алкогольдік ішімдік ішкен күйде суға түспеңіздер және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыздар.