Астана-Петропавл тас жолында екі ірі жол апаты болды. Астраханка селосының маңайында Тайота эстима мен Мазда автокөліктері соқтысығысып, 8 адам зардап шекті. Соққының қатты болғаны сонша, мазданың алдыңғы жағы түгел шашылып, көлік қозғалтқышы 10 метрге ұшып кеткен. Абырой болғанда адам аман. Жәбірленушілердің барлығы ауруханаға жеткізілді. 5 баланың жағдайы ауыр деп бағалануда. Ал Ақмола облысындағы апат қайғылы жағдаймен аяқталды. Бұланды ауданында автобанмен келе жатқан көлік темір қоршауға соғылып, бірден өртене бастаған. Салдарынан үш адам сол жерде көз жұмды. Оның біреуі алты жасар бала. Бейресми ақпаратқа сәйкес, көліктің лезде отқа орануына газ баллоны себеп болуы мүмкін. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.