$469.71 €536.17 ₽6.01
×

33 600 қоңырау: Алматыда аптап ыстықтан жедел жәрдем шақырту көбейген

AstanaTV
15.07.2026ж. 19:00
33 600 қоңырау: Алматыда аптап ыстықтан жедел жәрдем шақырту көбейген

Алматыда аптап ыстықтан соңғы екі аптада тұрғындардан жедел жәрдемге 33мың 600 қоңырау түскен. Дәрігерлер көбіне қан қысымы жоғарылаған, жүрек-қан тамырлары аурулары бар, сондай-ақ инсульт пен инфаркт болған науқастарға көмек көрсеткен. Мамандар қоңыраулар саны тәулігіне екі мыңға дейін артып кеткенін айтады.

ЕГОР ОБУХОВСКИЙ, ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Мұндай ыстық жүрек-қан тамырлары жүйесіне үлкен салмақ түсіреді. Қан қысымының көтерілуі, инсульт, инфаркт жағдайлары көп тіркеліп жатыр. Бұл  тұрғындарға ғана емес, жедел жәрдем бригадаларына да үлкен жүктеме. Сақтанып жүріңіздер, әсіресе егде жастағы адамдар сыртқа көлеңке түскен уақытта шыққаны дұрыс.