$469.71 €536.17 ₽6.01
×

Солтүстік Қазақстан облысында нашар жолдың кесірінен жүкті әйел қайтыс болды

Солтүстік Қазақстан облысында нашар жолдың кесірінен жүкті әйел қайтыс болды

Солтүстік Қазақстан облысында жүкті әйел көз жұмды. Благовещенка ауылының 34 жастағы тұрғыны өзін нашар сезініп, дәрігері шақыртқан. Аудан орталығынан шыққан жедел жәрдем 37 шақырымдық арылықты бақандай 1.5 сағат жүріп өтіпті. Себебі, жолдың сапасы сын көтермейді. Осының кесірінен аяғы ауыр келіншек көп қан жоғалтып, бақилық болды. Екі баланың анасы елді мекенде мұғалім болып жұмыс істеген. Қазір құзырлы органдар іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Ал билік өкілдері ондаған жылдар бойы күрделі жөндеу көрмеген жолды жуық арада жаңғыртатынын хабарлады.

НҰРЛАН КЕҢЕСОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Пресновка-Қайранкөл ауылдарының арасында жолдың ұзындығы 98 шақырым. Оның ең нашар аралығы Благовещенка мен Пресновка ауылдарының арасында орналасқан. Біз бұл трассаны үш кезеңге бөліп жөндейміз. Бірінші кезеңнің жобалық сметалық құжаттамасы дайын. Жақын арада күрделі жөндеу жұмысы басталады. Жалпы жоба алдағы екі жылда іске асырылады деп жоспарлануда.