$469.71 €536.17 ₽6.01
×

Шымкентте жас жігіт терезеден неге секірді?

Шымкентте жас жігіт терезеден неге секірді?

Шымкентте 3 қабаттан құлаған 23 жастағы жігіт мүгедек болып қалуы мүмкін. Оның бірнеше қабырғасы мен қолы сынған.  Анасы Жанна Бәйдібекқызының айтуынша, түнде компьютер клубта отырған ұлын  құқық қорғаушылар «әскерге алып кетеміз!» деп қорқытқан көрінеді. Оған келіспеген баласы жоғарыдан секіріп кетіпті.

Бұл жағдай 11-мамырда болған. Дәмханада әкімші болып жұмыс істейтін 23 жастағы Арман Хабибулла туыс ағасымен бірге жұмыстан соң бір сергімек болып ойынханаға бас сұққан көрінеді. Алайда, өздерін   учаскелік полиция өкілі және әскери комиссариаттанбыз деп таныстырғандар келіп, оны алып кетпекші болыпты.

ЖАННА БӘЙДІБЕКҚЫЗЫ, ЖӘБІРЛЕНІШІНІҢ АНАСЫ:

Төртеуі де военкоматқа қатысы жоқ кісілер да, қызметкерлер да. Бірақ неге себептен «военкаматтың қызметкерімін!» деп, тұр ғой записьте видео фиксацияда. «Мен военкаматтың қызметкерімін, жүр кеттік, мен сені әкетем деп, Соның мақсаты не?!

Анасының айтуынша, Арман Хабибулла полицейлерден құтылмасын біліп, үшінші қабаттың терезесінен сыртқа секіріп кеткен. Биіктіктен жерге жайсыз түскен ол басымен құлап, бір жақ қолы мен бірнеше қабырғасы сынып, 7 күн комада жатты дейді. Басына операция жасалған. Аурухана төсегіне1 ай таңылған ұлымның денсаулығы әлі жақсарар емес деп алаңдайды.  Ал қызметін асыра пайдаланып, баласын осындай күйге түсіргендерге ешқандай шара көрілмегеніне наразы.  

ЖАННА БӘЙДІБЕКҚЫЗЫ, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:

Бұл жерде бұл қызметкерлердің қызметін өзінің асыра пайдаланып тұр ғой. Форманы киіп алып «мен военкоматпын» деп әр балаға тиісе беруге бола ма?! Мен түсінем, военкоматтың қызметкері келсін, повестка берсін.баламды армияға алып кетсін заңды түрде. Мен оған қарсы емеспін. Бірақ түнгі сағат 1:30да  участковыйлар барып балама тиіскенін мен жәй қалдырмаймын. Жазасын алсын. 

Іс қозғалғалы 4 тергеуші ауысты дейді. Бұған қатысты полиция департаменті былай деп жауап берді.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүзеге асырылуда. Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Арманның арманы көп еді дейді анасы. Биыл шаңырақ көтерем дегенде денсаулықпен арпалысып жүр деп уайымдайды. Алдағы тамыз айында басына тағы бір операция жасалмақ.