$469.71 €536.17 ₽6.01
×

"Алматы – Қаскелең" автожолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі

"Алматы – Қаскелең" автожолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі

"Алматы – Қаскелең" автожолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі. Автожолдың 8 шақырымдық бөлігі қайта жаңғыртылып, екі жолайрық пен тоғыз жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынады.  Нәтижесінде жолдың өткізу қабілеті екі есе артады. Құрылыс жұмыстары 20 шілдеде басталып, нысанды 2027 жылдың желтоқсанында пайдалануға беру жоспарланған. Жаңғырту жұмыстарын Қазақстанның Даму банкі  қаржыландырылады. Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асып отыр. Айта кетейік, Алматыға күн сайын шамамен 300 мың автокөлік кіреді. Ал «Алматы – Қаскелең» бағытындағы жолмен тәулігіне 60 мыңға жуық көлік қатынайды. Сондықтан бұл учаскені кеңейту көлік кептелісін азайтып, жол қозғалысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.