$469.71 €536.17 ₽6.01
×

Қазақстандық жас ғалымдар бағдарламалаған роботтар таныстырылды

AstanaTV
15.07.2026ж. 19:00
Қазақстандық жас ғалымдар бағдарламалаған роботтар таныстырылды

Елордада заманауи робототехниканың мүмкіндіктерін паш еткен арнайы көрме өтті. Шара барысында қатысушылар ақылды технологиялардың білім, ғылым, бизнес пен өндіріс саласында қалай қолданылып жатқанын іс жүзінде көрді. Жиналған қауымға шетелдік озық роботтардың қызметі таныстырылып, отандық және халықаралық сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, студенттер мен жас зерттеушілерге арналған практикалық мастер-кластар ұйымдастырылып, өндіріске қажетті озық инженерлік шешімдер ортаға салынды. Іс-шара отандық өндіріске автоматтандырылған жүйелерді енгізуді жеделдетуге бағытталған.

НҰРСҰЛТАН БАТЫРШАЕВ, "ASTANA HUB" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕХНОПАРКІНІҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ:

Осы шара арқылы Қазақстанда робототехниканың қаншалықты қарқынды дамып жатқанын көрсеткіміз келеді. Қазірдің өзінде елде secondary development, яғни дайын роботтарды бағдарламалаумен айналысатын өте мықты командалар қалыптасты.