Қазақстандық оқушылар Колумбияның Букараманга қаласында өткен 56-шы халықаралық физика олимпиадасында тарихи жетістікке қол жеткізді. Ел құрамасы алғаш рет әлемдік додада бес бірдей алтын медаль жеңіп алды. Осы жеңіспен елге оралған жас физиктерді Алматы халықаралық әуежайында туған-туыстары, ұстаздары және Оқу-ағарту министрі салтанатты түрде қарсы алды. Жеңімпаздарға құрмет көрсетіліп, олардың еңбегі мемлекет тарапынан бағаланды. Министрлік өкілдері оқушылар мен жетекшілерге алғыс хаттар табыстап, дарынды жастарды қолдау шаралары жалғасатынын атап өтті.
НҰРГҮЛ ЕГЕНБЕРГЕНОВА, ОҚУШЫ:
Өзіме мақсат қойғам келесі жылы бағымды сынап, алтын алуға тырысамын деп. Сондықтан өте бақыттымын. Сол жүлде алған күні жабылу салтанатында да сезімдерім түршіктірердей болды. Өзімді күшті сезіндім. Және де осы олимпиядаға 7-ші сыныптан бері арнайы дайындалып жүрдім.
САМАТ МАҚСҰТОВ, ЖЕТЕКШІ:
Жалпы бұл халықаралық олимпиада, әрине, қиын болады. Екі турдан тұрады. Біріншісі теория, есеп шығарады. Біздің Қазақстан оқушыларының сол теория тұсы мықты. Мысалы, Нұргүл 30-дан 29-ға жақын балл алды, 30 балдан деген секілді.