$469.71 €536.17 ₽6.01
×

Семей орманы өртеніп жатыр: тікұшақтар мен қосымша күштер жұмылдырылды

16.07.2026ж. 12:50
Семей орманы өртеніп жатыр: тікұшақтар мен қосымша күштер жұмылдырылды
фото: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында шыққан орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, өрт 16 шілде күні сағат 09:45-те «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Бородулиха филиалы Қамышен орманшылығының 57-орамында тіркелген.

 Қазіргі уақытта өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің 7 қызметкері, 1 автоцистерна, 1 кіші орман өрт сөндіру патрульдік кешені, 1 трактор, Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 қызметкері мен 8 техникасы, сондай-ақ «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның Bambi Bucket су төгу құрылғысымен жабдықталған әуе кемесі жұмылдырылды, – делінген министрлік ақпаратында.

Өрт ошағына қосымша күш ретінде 2 автоцистерна, 2 трактор, 1 кіші орман өрт сөндіру патрульдік кешені және 11 орман күзеті қызметкері жіберілді. Сонымен қатар AS350 тікұшағы мен 4 әуе өрт сөндіру десантшысы, сондай-ақ Катонқарағайдан Ми-8 тікұшағы жолға шыққан. Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жағдай бақылауда.