$472.34 €541.25 ₽6.01
×

590 мың азаматқа рақымшылық жасалды

AstanaTV
16.07.2026ж. 19:00
590 мың азаматқа рақымшылық жасалды

Қазақстанда 22 миллиард теңгеден астам әкімшілік айыппұл кешірілді. Бұл – Мемлекет басшысының Конституцияның қабылдануына орай жариялаған рақымшылық туралы заңының нәтижесі. Әкімшілік амнистия аясында 590 мыңға жуық азамат айыппұл төлеуден босатылды. Нәтижесінде 1,3 миллионнан астам әкімшілік өндіріп алу тоқтатылды. Рақымшылық қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірмейтін жағдайларда ғана қолданылған.