$472.34 €541.25 ₽6.01
×

Екібастұзда жаңа деректер орталығы салынып жатыр

16.07.2026ж. 19:00
Екібастұзда жаңа деректер орталығы салынып жатыр

Екібастұзда жаңа деректер орталығы салынып жатыр. Дата орталықтың құрылысы келер жылы аяқталады деп күтілуде. Бастапқыда жобаның қуаттылығы 125 мегават болса, кейін есептеу қуаты 1 гигаватқа дейін ұлғайтылмақ. Бұл жоғары технологияларға арналған өндіріс орындарын ашуға және еліміздің экономикасын сандық жүйде интеграциялауға мүмкіндік бермек. Қазір Екібастұзда жұмыс қызу жүріп жатыр.  Орталыққа арналып 200 гектар жер бөлінген.  Қазақстан тек серверлерді орналастыратын ел емес, цифрлық инфрақұрылым орталығына айналуы мүмкін. Бұндай дата орталықтар деректерді сақтап ғана қоймай, жасанды интелектті дамытуға, ғылыми зерттеулер жүргізуге, толыққа қуатқа шыққан кезде жылына 3 млрд долларға дейін экспорттық табыс әкелуі мүмкін деп болжанып отыр.

САБИНА МЕЙРАМ, ОБЛЫСТЫҚ САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Деректерді өңдеудің жаңа орталығында шетелдік жәнек аймақтардағы ІТ компаниялардың есептеу қуаттылығы орналасады. 200 гектар алқапта орналасатындықтан, тұтыну қуаттылығы да  зор. Мәселен, энергетикалық қуаттылығы 300 мегават болады. Бұл осы жерде цифрлық майниг өндіруге мүмкіндік береді.