$472.34 €541.25 ₽6.01
×

«Семей орманы» өртеніп жатыр

AstanaTV
16.07.2026ж. 19:00
«Семей орманы» өртеніп жатыр

Абай облысында «Семей орманы» өртеніп жатыр. Тілсіз жау 60 гектардан астам аумақты шарпыды. Бұл -шамамен 85 футбол алаңымен тең. Қазіргі уақытта тілсіз жаумен орманшылар, құтқарушылар, полицейлер мен әскерилер күресіп жатыр.

Өртті сөндіруге 225 адам мен Қорғаныс министрлігінің Ми-8 тікұшағы жұмылдырылды. Әуеден қазірдің өзінде 15 тоннадан астам су шашылды. Тілсіз жаумен күреске Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының құтқарушылары да қосылды. Ал тәртіпті қадағалауға тартылған 101 полицей қауіпті аумақты қоршап, жол қозғалысын реттеуде және эвакуацияланған тұрғындардың мүлкін күзетуде.

МҰХИТ РАМАЗАНОВ, ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Ақылдасып қазір уақытта барлық күштерін бәрі мынау Дмитриевка, Барадовль ауылдарына қойып отырмыз. Сол жерлерде бір ашық аландар бар, сол жерден өртті күтіп алып сөндіру жұмыстары құрылды. «Семей орманы» резерватынан 48 техника, 125 адам, Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар департаментінен 28 техника және 158 адам. Одан кейін Ішкі істер министрлігінен де адамдар жұмылдырылды.