Екібастұзда көршісін пышақтап өлтірген әйел 17 жылға сотталды. Оқиға қаңтар айында болған. Көршілер пәтерде ішімдік ішіп, артынша сөзге келіп қалыпты. Ашуға булыққан 28 жастағы әйел көршісіне пышақ жарақатын салған. Пәтерден қансырап қашып шыққан көршісін артынан қуып барып, тағы да бірнеше рет пышақ сұққан. Қаскөйдің бұл әрекеті үйдің бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Ол қылмысын жасыру үшін көршісінің пәтеріне қайта кіріп, үйде ұйықтап қалған күйеуін пышақтап өлтірген. Сот барысында айыпталушы өз кінәсін мойындады. Сот қылмыскерді 17 жылға бас бостандығынан айыруға шешім қабылдады.
НҰРЛАН ҚАЙЫРБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
Азимова Евгений Николаевнаны ҚР Қылмыстық кодексінің 24 бабы 3 бөлімі, 99 бабы 1-бөлігі, 99 баптың 2 бөлігі 3 тармағы бойынша кінәлі деп таныды. Сот барлық мән-жайларды ескеріп оған 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесінде өтейтін болады.