$472.34 €541.25 ₽6.01
×

Жылына елу тонна қымбат металл өңделеді

Жылына елу тонна қымбат металл өңделеді

Бас қаланың іргесінде бағалы металл балқып жатыр. Өндіріс орнының жылына ондаған тонна алтын өңдеуге мүмкіндігі бар. Мамандар химиялық және технологиялық өңдеу әдісімен тазалығы шамамен 100 пайыздық алтын шығарады. Тілшіміз өндіріс ошағына барып, таза алтынның қалай алынатынын   көріп келді.

НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛШІ:

Технологиялық процесс дәл осы жерден басталады. Алдымен әр жерден келген алтындар  жоғары температурада балқытылып, кейін арнайы қалыптарға салынады. Одан кейін барып, химиялық жолмен тазарту, яғни аффинаждау жұмысы жүргізіледі.

Мұнда әрбір миллиграмм металдың есебі бар. Тіпті балқыту кезінде жан-жаққа шашыраған ұсақ түйіршіктердің өзі қатаң бақылауда. Мамандар оны пештің ішінен қолмен мұқият теріп алып, қайта өңдеуге жібереді.

СЫМБАТ МҰРАТБЕК, АЛТЫН БАЛҚЫТУШЫ:

Пештен бәрін құйып аламыз. Пештіің ішінде бәрібір қалады. Оған қайта бура саламыз да. Қырып, қалдық қалдырмаймыз. Қазақша айтқанда ішін жуып, келесі балқуға дайындаймыз.

Мұнда өңдеуге қабылданатын шикізаттың қатарында ломбардтардан өткізілген бұйымдар, кен орындарынан алынған шикі алтындар және құрамында бағалы металы бар өзге де қорытпалар бар. Жұмыс барысында алдымен алтынның нақты құрамы мен пайыздық үлесі зертханалық тұрғыдан анықталады. Бұдан кейінгі негізгі өңдеу және дайындау жұмыстары орта есеппен бір тәулік уақытты алады.

НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛШІ:

Жанағы тазартылған 90 пайыздан жоғары алтындар, осы цехқа келеді және арнайы ванналарда ерітілді.  Ары қарай қандай жұмыстар жүргізілетінін және 100 пайыз алдынды қалай алатынын туралы, арнайы маман, Мерей мырза жауап береді.

МЕРЕЙ ҮШКЕМПІР, АЛТЫН ЭЛЕКТРОЛИЗІ ЦЕХЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Мында бізге 92 пайыздан жоғары алтындар келеді. Ол дайын өнімдер сосын мына алтын электрилездеу ванналдары бар. Бұл ванналарда қышқылдар сақталады. Осы қышқылдарға 92 пайыздан жоғары алтындар жүктеледі. Анот және Катот деген бар. Анотта 90 пайыздан жоғары алтынымыз жүктелген соң, электор тоғы арқылы Катотқа өтеді.  Сөйтіп 99,99 пайыз таза алтын пайда болады.

Дайын болған таза алтын құймалары бұдан кейін де  қоймаға кетпейді. Оларға арнайы мемлекеттік таңба соғылып, сапасы қайта тексеріледі. Алтын бетінде титтей де болсын сызат, кедір-бұдыр немесе кемшілік болмауы тиіс. Сол себепті жауапты маман әрбір құйманы лупамен мұқият қарап шығады. Осыдан кейін ғана халықаралық стандартқа сай өнімдер Ұлттық банкке жөнелтіледі.

НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛШІ:

Міне, менің қолымда 12 кг дайын алтын. Шынымды айтсам өте ауыр, мен көтере алмадым. Жалпы бұл жерде 360 миллиярд теңгеден асатын 100-ден астам жоба жүзеге асырылуда. Сондай-ақ бұл кәсіпорын 50 тонна қымбат металлды өңдеуге қауқарлы.