$472.34 €541.25 ₽6.01
×

Jańa Dala - 2026: агросаланың жаңа технологиялары таныстырылды

AstanaTV
16.07.2026ж. 19:00
Jańa Dala - 2026: агросаланың жаңа технологиялары таныстырылды

Ақмола облысында ауыл шаруашылығы саласындағы ең ірі халықаралық көрме «Jańa Dala / Green Day - 2026» өтуде. Биыл 10-шы рет ұйымдастырылған шараға Қазақстанмен қатар 25-тен астам елден 200 компания қатысып жатыр. Егін маусымының басталуына орай, көрме алаңында саланың ең өзекті мәселелері мен жаңа мүмкіндіктері талқылануда.

Көрме агроөнеркәсіп кешеніндегі жаңа технологияларды таныстыратын ғана емес, фермерлердің тәжірибе алмасып, жаңа серіктестік орнататын маңызды алаңына айналды. Мұнда ауыл шаруашылығы техникасының 500-ден астам үлгісі қойылып, өсімдік және мал шаруашылығына арналған инновациялық шешімдер ұсынылды. Биыл елімізде егін жұмыстарына арнап 402 000 тонна жанармай дайындалуда, бұл нарықтағы бағадан 15 пайызға төмен.

АЗАТ СҰЛТАНОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Ең біріншіден ас тұқымды мал әккеліп жатыр. Ол шет елде қазіргі заманауи технологиямен жасалған технологиялар бар. Соны алып Қазақстанда да мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік жасап жатырмыз. Осы іс-шарада біздің дихандар, техника шығаратын мекемелер, тұқым сататын компаниялар бір-бірімен кездесі, қарым-қатынас орнатады. Ертең оларға да пайда болады деп ойлаймыз.

Көрме аясында еліміздің әр өңірінен келген шаруалар өз тәжірибесімен бөлісіп, асыл тұқымды мал шаруашылығындағы жетістіктерін таныстырды. Олардың айтуынша, мұндай халықаралық алаң жаңа технологияларды енгізіп, өндірісті дам

ӨМІРБЕК АДАЙЕВ, "ТОҚЫМ" GROUP ЖШС ВЕТЕРИНАРЫ:

Бізде біріңғай итті бағыттағы малдар ғой. 2019-дан ебрі айналысып жатырмыз. 490 бас аналық Австралиядан алғыздық. Соны қолдан ұрықтандыру әдісімен көбейттік. Қазіргі таңда аналық бас- 800, малдың толық саны - 1300.

Көрмеде әлемдік жетекші өндірушілердің заманауи ауыл шаруашылығы техникасы, цифрлық шешімдер мен агродрондардың жұмысы таныстырылды. Сондай-ақ асыл тұқымды ірі қара мал көрмесі, «Қазақстанның үздік бұқасы» ұлттық байқауы, трактор биатлоны, фермерлерге арналған форумдар мен тәжірибелік көрсетілімдер өтуде.