$469.83 €536.83 ₽5.97
×

Екі көлік те жанып кетті: Түркістанда жол апатынан 7 адам қаза тапты

Екі көлік те жанып кетті: Түркістанда жол апатынан 7 адам қаза тапты

Түркістан облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты. Қайғылы жағдай Бәйдібек ауданындағы Шаян – Екпінді автожолында болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес,  Toyota Camry және Volkswagen Passat автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан екі көлік те отқа оранды.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Шаян – Екпінді автожолында екі көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және процессуалдық шаралар жүргізілуде. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданатын болады.