Астанада жеке тұрғын үйде жасырын жұмыс істеп келген ет өңдеу цехы анықталды. Тексеріс кезінде шығу тегі мен сапасы белгісіз 3 тоннадан астам күмәнді ет өнімі табылды. Бұл дайын өнімдер елордадағы дүкендер мен дәмханаларға таратылып келген. Цехта қажетті температуралық режим сақталмаған, ал өнімдер антисанитариялық жағдайда жатқан. Кейбір еттен өткір сасық иіс шығып, шыбын-шіркей қаптаған. Мамандар мұндай өнімнің адам денсаулығына қауіпті әрі тұтынуға мүлдем жарамсыз деп мәлімдеді.
АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
Анықталған барлық ет өнімі жойылды. Қауіпті өнімдердің сауда орындарына түсіп, тұрғындардың дастарханына жетуіне жол берілмеді. Заңсыз өндірісті ұйымдастырған азаматтар жауапқа тартылды.