$469.83 €536.83 ₽5.97
×

Қызылордада зейнеткерлерге арналған әлеуметтік орталық жұмысы жүйелі жолға қойылған

Қызылордада зейнеткерлерге арналған әлеуметтік орталық жұмысы жүйелі жолға қойылған

Зейнетке шығу- адам өміріндегі маңызды кезең. Көбіне ұзақ жылдар қызмет еткен адамдар өмір ырғағының өзгеруіне бейімделе алмайды. Осыны ескерген Қызылордадағы арнайы әлеуметтік орталық қарияларға кешенді қолдау көрсетіп келеді. Мұнда ай сайын 50 зейнеткер жартылай стационарлық жағдайда 7 бағыт бойынша қызмет алады. Яғни, ем-дом жасалып қана қоймай, тегін ыстық тамақпен қамтылып, түрлі мәдени шараларға қатысады. Құқықтық кеңестер беріліп, тарихи орындарға экскурсия ұйымдастырылады. Белсенді қарттыққа бағытталған орталық қызметкерлері  келушілерінің ықыласына бөленуде.

БИБІГҮЛ БАРАТОВА, ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ ЖАРТЫЛАЙ СТАЦИОНАРЛЫҚ ЖАҒДАЙДА АӘК КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Орталықтың мақсаты негізгі ардагерлердің бос уақытын тиімді өткізуге арналған. Келгенде ардагерлеріміз көтеріңкі көңіл-күймен келіп, алғыстарын айтып кетеді. Мемлекет арнайы сол ардагерлерге ашып тұр. Барлығы тегін. Зейнет жасына шыққан барлық ардагерлер келіп демалуға құқылы. Бізде сұраныс өте үлкен.