Венесуэлада қатарынан болған екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 5119-ға жетті.
Құтқарушылар үйінділерді қопарып, іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Кейінгі бір тәулік ішінде ғана опат болғандар саны 50 адамға артты.
Ресми деректерге сүйенсек, жалпы 16 мыңнан астам адам зардап шеккен. Тағы 20 мыңға жуығы баспанасыз қалды. Халықаралық валюта қоры елге 350 млн долларға жуық қаржы бөлді. Қаражат зардап шеккендерге жедел гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталады.