$469.83 €536.83 ₽5.97
×

Құтқарушылар өрт кезінде газ баллондарын қауіпсіз жерге шығарды

19.07.2026ж. 21:45
Құтқарушылар өрт кезінде газ баллондарын қауіпсіз жерге шығарды
Фото: ТЖМ

112 пультіне Қостанай қаласындағы саяжай қоғамдарының бірінде өрт болғаны туралы хабарлама түсті. Мансардалы жеке тұрғын үй мен саяжай үйі жанған. Өрттің жалпы аумағы 150 шаршы метрді құрады.

Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ қызметкерлері келді. Қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар өрт аймағынан көлемі 27 литр болатын төрт газ баллонын және көлемі 50 литр болатын бір газ баллонын сыртқа шығарды.

Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.