$470.28 €537.53 ₽5.99
×

Алматыда тауда қалып қойған қыз құтқарылды

20.07.2026ж. 05:05
Алматыда тауда қалып қойған қыз құтқарылды
Фото: pixabay

Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Космостанция аумағында Құтқару қызметінің мамандары 2006 жылы туған қызға көмек көрсетті.

Таулы жерден түсу кезінде ол аяғын қайырып алып, әрі қарай өздігінен қозғала алмаған. Құтқарушылар зардап шегушіні қиын учаскеден эвакуациялап, медициналық көмек көрсету үшін ЦМК бригадасына тапсырды.

ТЖМ еске салады: тауға шыққан кезде маршрутты қатаң сақтап, жер бедерінің күрделілігін ескеру қажет.