$470.28 €537.53 ₽5.99
×

«Болашақ ойындары-2026»: Астанаға 800-ден астам қатысушы келеді

20.07.2026ж. 06:28
«Болашақ ойындары-2026»: Астанаға 800-ден астам қатысушы келеді
Фото: gov.kz

Астанада 29 шілде мен 9 тамыз аралығында «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі өтеді.

Жарыс цифрлық және дәстүрлі спорт түрлерін біріктіретін фиджитал форматында ұйымдастырылады.

Турнирге халықаралық клубтардан 800-ден астам спортшы қатысады. Ұйымдастырушылардың болжамынша, 12 күнге созылатын жарысты кемінде 100 мың көрермен тамашалайды.

Дода елорданың ірі спорт нысандарында – «Барыс Арена», Beeline Arena, Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешені және Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.