$470.28 €537.53 ₽5.99
×

Дастан Сәтпаев «Челси» сапында алғашқы ойынын өткізді

20.07.2026ж. 02:26
Дастан Сәтпаев «Челси» сапында алғашқы ойынын өткізді
Фото: Gettyimages

Қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы ойынын өткізді.

Лондондық клуб жолдастық кездесуде Англияның үшінші дивизионында өнер көрсететін «Краун» командасымен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Кездесуде жастар құрамынан бірнеше ойыншыға мүмкіндік берілді. Олардың қатарында Реджи Уолш, Реджи Уотсон және қазақстандық Дастан Сәтпаев та болды. Дастан үзілістен кейін алаңға шығып, «Челси» сапындағы ресми емес алғашқы ойынын өткізді.