«Нұр
Отан» партиясында кадрлық ауыс-түйіс. Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен
Тамара Дүйсенова партия Хатшысы қызметіне тағайындалды.
Бірінші орынбасар
Мәулен Әшімбаев Орталық аппарат ұжымына жаңа хатшыны таныстырды. Ол Тамара
Дүйсенованың мемлекеттік қызметте және басшылық лауазымда тәжірибесі бай екенін
ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ол Елбасының партия қызметін жаңғырту жөніндегі
тапсырмасын жүзеге асыруға жаңа хатшының үлкен үлес қосатынына сенім білдірді.
Тамара Дүйсенова бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
қызметін атқарды. Мемлекет басшысының қаулысымен тоғызыншы қаңтарда ол
қызметінен босатылған еді.