Негізгі / Жаңалықтар / Д. Трамп мектеп мұғалімдерін қарумен жарақтандыруды ұсынды

Д. Трамп мектеп мұғалімдерін қарумен жарақтандыруды ұсынды

АҚШ президенті Дональд Трамп мектеп мұғалімдерін қаруландыру ұсынды. Бұл туралы Рейтерс хабарлады. Ақ үй қожайыны мұны Флорида мектебіндегі тірі қалған оқушылармен кездесуінде айтты. Сондай-ақ Трамп қару ұстай алатын бұрынғы әскерилерді мектеп күзетшісі ретінде жалдауды ұсынды. 

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

Мұғалімдер арнайы дайындықтан өтуші еді. Өйткені мектептерге шабуылдар бар болғаны 3 минутқа созылады. Ал полицейлер оқиға болған жерге 5-10 минутта ғана жетеді.

Айта кетейік, Америкада қару ұстауға Ата заңмен рұқсат етілген. Бірақ оған қатысты әрбір штаттың заңы бар. Үкімет қарумен жүруге болмайтын жерлерді белгілеген. Оның ішінде мектептер де бар. АҚШ-та қаруды емін-еркін ұстауға қарсы наразылық акциясы екінші аптаға жалғасты.

Еске салайық, ақпанның 14-інде 19 жасар Николас Круз Флоридадағы мектептердің бірінде ойран салған еді. 17 оқушы қаза тапты. Кейін оның 18 жасқа толған соң қаруды заңды түрде сатып алғаны белгілі болды.