$465.74 €531.08 ₽5.92
×

Құрылтай депутаттарының сайлауына тағы 10 халықаралық байқаушы аккредиттелді

AstanaTV
23.07.2026ж. 19:00
Құрылтай депутаттарының сайлауына тағы 10 халықаралық байқаушы аккредиттелді

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысатын тағы 10 халықаралық байқаушыны аккредиттеді. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның айтуынша, 2026 жылғы 23 шілдедегі жағдай бойынша Сыртқы істер министрлігі бес мемлекет пен бір халықаралық ұйымнан ұсынылған 10 байқаушының кандидатурасын комиссияның қарауына жолдаған. Осылайша, аккредиттелген халықаралық байқаушылардың жалпы саны 96-ға жетті.

МҰХТАР ЕРМАН, ҚР ОСК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Атап айтқанда, Молдова Республикасынан - 4 кандидатура, оның ішінде Молдованың Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Анжелика Караман ханым, Халықаралық парламентарийлер конгресінен (IPC) - 1 кандидатура,яғни бас хатшысы Ситара Аяз ханым, Албания Республикасынан – 2 кандидатура, Кувейт Мемлекетінен - 1 кандидатура, Кувейттің Қазақстандағы Елшісі Әділ Ахмед Әл-Ғұнайман мырза,Армения Республикасынан 1 кандидатура, Палестина Мемлекетінен 1 кандидатура.

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай құрамына кіруге ниетті 7 партияның бюллетеньдегі реттілік нөмірін жеребе арқылы таңдады. «Әділет» партиясы бірінші. Одан кейін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы,  «Байтақ» партиясы, Қазақстан Халық партиясы, «Ауыл», «Ақ жол» және Respublica партиясы орналасты.