Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді. Оған бес жыл мерзімге 145 депутат сайланады. Құрылтайға кандидаттар 7 партия атынан ұсынылды. Атап айтсақ, «Ақ жол» партиясы – 63, «Ауыл» партиясы – 69 кандидат, «Әділет» партиясы – 186, «Байтақ» партиясы – 47, ЖСДП – 33, Қазақстанның Халық партиясы – 72, Respublica партиясы – 76 үміткер тіркеген.