$465.74 €531.08 ₽5.92
×

Қазақстан Орталық Азиядағы демократияның тұрақты үлгісіне айналып келеді, - сарапшы

AstanaTV
23.07.2026ж. 19:00
Қазақстан Орталық Азиядағы демократияның тұрақты үлгісіне айналып келеді, - сарапшы

Құрылтай сайлауы халықаралық сарапшылардың да жіті назарында. Жаңа Ата заң талаптарына сәйкес өтетін саяси дода елдегі демократиялық өзгерістердің маңызды кезеңі саналады. Сондықтан шетелдік саясаттанушылар мен бақылаушылар Қазақстандағы реформаларға жоғары баға беріп отыр. Олардың пікірінше, аталған науқан қоғамның барлық тобына саяси процеске қатысуға кең мүмкіндік ашады. Осылайша елдегі саяси жаңғыру үрдісі әлемдік қоғамдастық тарапынан да үлкен қолдауға ие.

ХОСЕ ЛУИС ОРЕЛЬЯ, SAN PABLO CEU УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент сайлауын алдағы 23 тамызға белгіледі. Бұл сайлау  референдумда бекітілген жаңа Конституцияға сәйкес елдің бірпалаталы парламенті - Құрылтай депутаттарын сайлауға мүмкіндік береді. Кезекті науқан пропорционалды сипатымен ерекшеленбек, өйткені ол қоғамның барлық өкілдерін - жастарды, әйелдерді, аға буынды, сондай-ақ барлық өңірлер мен қалалар халқын тікелей қамтиды. Ренан айтқандай, "Демократия - ұлттың үздіксіз плебисциті". Қазақстан Орталық Азиядағы демократияның тұрақты үлгісіне айналып келеді.