БҚО-да “Қарасора — 2026” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер ер адамнан есірткі салынған 125 түйіншек пен дайын жарты келіден астам мефедрон тәркіледі.
“Қарасора — 2026” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты құқыққа қайшы әрекеттің жолын кесті. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 39 жастағы ер адам ұсталды. Жеке тінту барысында одан өзіне тән иісі бар ақ түсті зат салынған полиэтилен пакет, сондай-ақ байланыссыз тәсілмен әрі қарай таратуға дайындалған осындай зат салынған 125 зип-пакет тәркіленді. Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 510 грамм болатын есірткі құралы — мефедрон болып шықты. Кейінгі тергеу әрекеттері барысында күдікті пайдаланған жалдамалы пәтерді тексеру кезінде полицейлер құрамында осындай зат бар тағы бір полиэтилен пакетті, электронды таразыны, зип-пакеттерді, фольганы, кеңсе пышағын және респираторды анықтап, тәркіледі. Алдын ала мәліметтер бойынша тәркіленген заттар есірткі құралдарын өлшеп, орап, әрі қарай заңсыз өткізуге дайындау үшін пайдаланылған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.