$465.74 €531.08 ₽5.92
×

Астанада жалған түбіртекпен базардан тауар алып жүрген күдікті қолға түсті

Астанада жалған түбіртекпен базардан тауар алып жүрген күдікті қолға түсті
Фото: Polisia.kz

Елордада жалған төлем түбіртегін көрсетіп, базардағы сатушыларды алдап жүрген 34 жастағы тұрғынның заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылды

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті сауда орындарын әдейі аралап, өзін қарапайым сатып алушы ретінде таныстырған. Көкөніс пен жеміс-жидек таңдаған соң, ақшаны мобильді қосымша арқылы аударғандай кейіп танытып, қолдан жасалған төлем чегін көрсеткен. Ақша шотқа түсті деп сенген сатушылар тауарды күдіктіге өз қолдарымен берген.

Бұл – оның алғашқы алаяқтығы емес. Күдікті бұған дейін де дәл осындай айламен бірнеше саудагерді алдағаны анықталды. Қазір оның өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция саудагерлер мен кәсіпкерлерге төлемнің нақты банк шотына түскеніне көз жеткізбейінше, тауарды сатып алушыға бермеуге кеңес береді.